Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары деп атады
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды arainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар патриотизм мен жауынгерлік рухтың символына айналған мереке күндері елге қорған болып жүрген азаматтарға құрмет көрсету, Отан үшін от кешкен аға буынның рухына тағзым ету, олардың жанқиярлығы мен өшпес ерлігін ұрпақтың жадында жаңғырту дәстүрге айналғанын атап өтті.
Президент Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары деп атады.
Президенттің айтуынша, мемлекет Қарулы Күштердің әлеуетін нығайтуға айрықша мән беріп отыр.
Жиын соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ жоғары мемлекеттік наградалар табыс етті.