Жаңалықтар

Жамбыл облысында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

Бүгін Достық үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті,деп хабарлайды arainfo.kz

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, көпшілікті еліміздің ең басты құндылықтарының бірі – бірлік пен келісім мерекесімен құттықтады. 


Сонымен қатар айтулы күнде өңірдегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» медалімен марапаттады.

Іс-шара барысында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. 

Сондай-ақ, әр ұлттың салт-дәстүрінен сыр шертетін сахналық қойылымдар көрсетіліп, концерттік бағдарлама жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.