Ақтөбелік студент ЖИ көмегімен Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады
Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының 2-курс студенті Көркемай Елеусіз Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерекше жобаны жүзеге асырды,деп хабарлайды arainfo.kz
Ол жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдаланып, батыр қыздың ерлігі мен рухын заманауи форматта – комикс арқылы таныстырды.
Жоба бастауыш сынып оқушыларына арналып жасалған. Мақсаты – Әлия туралы ақпаратты жеңіл әрі қызықты түрде жеткізу, сондай-ақ балалардың патриоттық рухын оятып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Көркемайдың айтуынша, бұл бастама – жасанды интеллектті шығармашылық салада тиімді қолдануға және тарихи тұлғаны жаңа формада дәріптеуге бағытталған.