Жүгенсіз жүк көліктерінің жолы қашан бөгеледі?
Бүгінгі таңда Жамбылы облысы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 038 шақырымды құрайды,деп хабарлайды arainfo.kz
Оның ішінде, 1 237 километр республикалық, 1 756 шақырым облыстық және 1 383 километр аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Десе де, осынау жолдарға ауыр жүк көліктерінен келетін залал аз емес.
Айталық, дәл қазір Әулиеата өңіріндегі қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда 4 мыңға жуық самосвал көліктер пайдаланылуда. Нәтижесінде, жүгенсіз жүк көліктерінің салдарынан жолдың жай-күйі (жағдайы) төмендеп, нашарлауда. Өз кезегінде мамандар салмағы тиісті талапқа сай келмейтін аса ауыр темір тұлпарларды қанша жерден бақылағанымен, ережеге бағынбайтын кейбір жүгенсіз жүк көліктерінің қозғалысы әлі де толастамай тұр.
Қорыта айтқанда, аса ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылау міндеті – бір ғана мекемемеге жүктелмегені ақиқат. Бір жағынан жүк көліктерін үзіліссіз бақылауға алу мүмкін де емес. Тағы да айта кетерлігі, облыс аумағында ауыр жүк көліктері жиі жүретін кешегі Кеңес заманында салынған қара жолдарда бар. Алайда, өткен ғасырда салынған қара жолдың бүгінде мұрты да бұзылмаған. Осыдан-ақ, бүгінгі мердігерлердің жол салу жұмысына баға беруге болар…