Әрі ұстаз, әрі ақын
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген дана сөздің астарында терең мән-мағына жатыр. Себебі ұстаз – тек білім беруші ғана емес, шәкіртінің жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, болашаққа жол сілтейтін рухани жетекші.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мадияр Ақпенов ең қадірлі, ең ардақты мұғалім мамандығының атына қылаудай кір келтірмей, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген жас мамандардың бірі.
Әрі мұғалім, әрі ақын Мадияр мұғалім оқушыларды сөз өнері арқылы тәрбиелеуге де ерекше мән береді.
Ақындық пен ұстаздықты қатар алып жүру – зор жауапкершілікті талап ететін үлкен міндет. Бұл екеуі – бір-біріне ұқсас, рухани үндестігі бар екі жол. Мұғалім – білім мен тәрбиенің дәнін сепсе, ақын – рухани азық сыйлайды.
Мадияр Ақпенбетов ақын ретінде де, педагог ретінде де осы уақытқа дейін түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Кейіпкеріміз әрбір жеңіс ұзақ еңбектің, тынымсыз ізденістің, өз ісіңе деген адалдық пен сүйіспеншіліктің жемісі екенін айтады.
Екінші ұстаз атанған әл-Фараби «Маған жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Еліміздің болашағы жарқын болсын деген ниетте жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, олардың тұлға болып қалыптасуына үлес қосуды мақсат екен Мадиярдың ұлы жолдағы сапарының сәтті болуын тілейміз.
Сымбат ҚУАНЫШ