Жаңалықтар

Сарбаздар да акцияға үлес қосты

Республикалық акция аясында 5513 әскери бөлімінің сарбаздары да отбасыларымен бірге сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі іске үлестерін қосты.

Әскери бөлім аумағында ұйымдастырылған тазалық және көгалдандыру жұмыстарына қатысушылар айналаны қоқыстан тазартып, қураған бұта-шөптерді жинап, ағаш көшеттерін отырғызды.

5513 әскери бөлімінің бастамасы табиғатты аялауға бағытталған іс-шаралардың қатарын толықтырып қана қоймай, жас ұрпаққа үлгі боларлық тәрбиелік мәні зор қадам болды. Әскери қызметшілердің елге, табиғатқа деген жанашырлықпен жасаған әр ісі – патриоттық рухтың көрінісі.

Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Бауыржан Қансейітов іс-шараның маңыздылығына тоқталып, акция аясында тиісті жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.

 

Ақтоты ЖАҢАБАЙ