Тұрғындар белсенділік танытуда
Облыс тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына ұйымшылдықпен ат салысуда. Жуырда Тараз қаласындағы «Мамыр» саябағы мен «Айша бибі» және «Қарахан» кесенелерінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, кесілген, қураған ағаштар, қоқыстар тазаланды. Сонымен қатар, акция ұйымдастырылған орындарға ағаштар егілді.