Жаңалықтар

Өңірге инвестиция тарту өзекті

Жылдың алғашқы тоқсаны да өте шыққанына бір айға жуықтады. Облыстың осы уақыт аралығындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші бір қарағанда көңілге қонымды болғанымен, кейбір салалар бойынша жоспарланған межелер орындалмапты. Сол себепті істі дәл қазірден бастап ширатпаса, жыл соңында көзделген нәтижеге қол жеткізу қиынға соғуы ғажап емес. Бұл жайында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде егжей-тегжейлі айтылды.