«Тараз халвасы» айына 50 тонна өнім шығаруда
«Тараз халвасы» айына 50 тонна өнім шығаруда
«Тараз халвасы» ЖШС бір жылда 600 тонна өнім шығарады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
1998 жылы іске қосылған өндіруші компания айына 50 тоннаға дейін өнім де өндіреді екен. Өңірдің өнімдерін Қазақстанның кез келген аймағынан табуға болады. Сонымен қатар, Тараздың тәттісі Ресей мен Қырғыз елдеріне де эспортталады. «Осы өнімді шығаруды бастар алдында ұжымда 6 адам ғана болды. Қазіргі таңда жұмысшы саны 60-қа жуықтады. Халваның 12 түрін шығарамыз. Алдағы жоспарды айтар болсақ, мекемені үлкейтіп, жұмысшылар қатарын ұлғайтамыз. Жұмысшылардың жалақасы 120 мың теңгеден басталады, айына екі рет айлық төлейміз», – деді мекеме басшысы Нұрлан Аханов. ТОЛЫҒЫРАҚ "AR-AI" ЖАСТАР ГАЗЕТІНІҢ КЕЛЕСІ НӨМІРІНЕН ОҚИ АЛАСЫЗДАР.