Әлеумет

Перзенті үшін ата-анасы жауапқа тартылады

Облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған республикалық «Жасөспірім» акциясы өтуде.

Акцияның 5 күнінде 456 кәмелетке толмаған жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оның ішінде 386-сы қараусыз және панасыз жүрген бала екені анықталып отыр.

Полиция қызметкерлері осы уақыт аралығында 469 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Түнгі сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін балаларының үйден тыс жүруіне жол берген 369 ата-ана мен заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.Үнемі түн қатып көшеде жүруді әдетке айналдырған Д есімді жасөспіріммен тілдесудің сәті түскен еді.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу мен оқыту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамаған 50 ата-ана анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Сондай-ақ 21 кәмелетке толмаған бала мен 10 қолайсыз отбасы есепке қойылды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ