Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды
Бүгін Ыстамбұл маңында жойқын жер сілкінісі болды,деп хабарлайды arainfo.kz
Yeni Şafak басылымының мәліметінше, алдымен Силиври жағалауында магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелген. Кейін дәл сол өңірде қуаты 6,2-ге жеткен екінші сілкініс болған. Ол шамамен 10 секундқа созылды. Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректеріне сүйенсек, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 12:49-да, Силиври қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым қашықтықта, Мәрмәр теңізінің астында тіркелген.
Бұдан бөлек, сол аймақта тағы екі жер сілкінісі болған – магнитудалары 5,0 және 5,3. Бұл дүмпулер Ыстамбұлдың бірқатар ауданында сезілген.