«Таза Қазақстан» акциясы: «Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды
Осылайша киелі орынның аумағы толығымен тазартылып, көшеттер отырғызылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Бүгін елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық шаралар марафоны басталды.
Тазалық шарасына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, ауыл қариялары мен 100-ге жуық жас қатысты.
Осылайша киелі орынның аумағы толығымен тазартылып, көшеттер отырғызылды.
Экологиялық шарада облыс әкімінің орынбасары президент бастамасымен жүзеге асып жатқан акцияның маңызы жоғары екенін атап өтіп, оған жамбылдықтар да белсене атсалысып жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, Жамбыл облысында жыл басынан бері акция аясында 350 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 48 мың тұрғын үй аулалары мен 1,3 мың шақырым көшелер тазаланып, 2,8 мың тонна қоқыс шығарылды.
Биыл егілетін 195 мың талдың бүгінге 128 мыңға жуығы отырғызылып, 2,4 мың ағаш санитарлық бұталды.