Жаңалықтар

Балабақшадағы бассыздық

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Екі жыл бойы балабақша басшылығы мекемеге мүлде келмеген балалар үшін заңсыз түрде бюджет қаражатын алып отырған.

Биылғы жылдың наурыз айында бұл жымқыру фактісі Қордай ауданы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша тіркелді.

Істі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментіне тапсырылды.

 

Ақтоты ЖАҢАБАЙ