Жаңалықтар

Тағайындау

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Жанболат Нұрмолдаұлы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, алдағы жұмысына бағыт-бағдар беріп, сәттілік тіледі.

Жанболат Нұрмолдаұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы «Жастар тәжірибесі» бойынша Жамбыл ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінде уақытша маман болып бастаған.

2013-2015 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Тараз Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-талдау бөлімінің кеңесшісі, басшысы;

2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы;

2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпарат және талдау бөлімінің консультанты;

2016-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

2020-2021 Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппараты құжаттама, бақылау және талдау бөлімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы;

2021-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметттерін атқарды.

2024 жылғы шілдеден бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі