Техникалық реттеу тәртібін бұзғандар көп
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Нұрбибі Алданова техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы баяндама жасады.
Жоспардан тыс және бірлескен тексерулер прокуратура мен құқық қорғау органдарының талаптары мен тапсырмалары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізіледі.
Саралай айтсақ, зергерлік бұйымдар айналымы саласында – 57, техникалық реттеу бойынша – 18 және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында 11 заңбұзушылық тіркелген.
Мұқағали БАЛТАБАЕВ