Ерлік білекте емес, жүректе
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев екі сәбидің өміріне араша түсіп, тілсіз жаудан аман сақтап қалған тараздық мектеп оқушысы Қыдырәлі Қыздарбекпен кездесті.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 18 сәуірінде «Ұлы дала» ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шыққан. Сол сәтте №54 орта мектептің 10-сынып оқушысы Қыдырәлі Қыздарбек тұрғындармен бірге түтінге тұншыққан екі сәбиді аман-есен алып шығуға үлес қосқан.
Кездесу барысында мектеп оқушысы болған оқиғаны баяндап берді.
Ербол Қарашөкеев жасөспірімнің көзсіз ерлігіне алғыс білдіріп, естелікке сыйлық тарту етті.
Өңір басшысы оқиға кезінде күш біріктіріп, азаматтық танытқан тұрғындар мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне де алғыс айтты.
«AR-AI»-ақпарат