Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ресейге барады
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ресейге барады
Мемлекет басшысы Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, 7 қазанда Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуі өтеді. Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі мұны келесі аптада өтетін ТМД саммитіне дайындық аясындағы өте маңызды оқиға деп атаған болатын. ТМД елдері басшыларының соңғы бейресми кездесуі 2021 жылдың 28 желтоқсанында Санкт-Петербургте өтті.