Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасының Конституциясы - жүздеген жылдарға негіз қалаған маңызды құжат»

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің ең жоғары заңдық құжаты, құқықтық жүйесінің негізін қалаушы әрі мемлекетіміздің дамуына бағыт беретін маңызды құжат болып табылады.

Биыл Конституциямыздың күшіне енгеніне 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Конституция азаматтардың құқықтарын қорғаудың, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі болды. Оның ішінде сот жүйесіне қатысты нақты ережелердің болуы ерекше маңызға ие.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған Конституция елдің саяси, әлеуметтік және құқықтық жүйелерін жаңартудың басты құралы болды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция, бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, мемлекет пен қоғамның дамуында шешуші рөл атқарып келеді. Конституцияны қабылдау – Қазақстан үшін жаңа кезеңнің бастамасы болды, ол еліміздің демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына ықпал етті.

Конституцияда көрсетілген әрбір бап еліміздің тәуелсіздігі мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Алайда оның ішінде судьялар мен сот жүйесіне қатысты көрсетілген ережелер ерекше орын алады. 30 жыл ішінде Конституцияда бірнеше маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бірақ сот жүйесінің басты принциптері өзгермей, тұрақтылық сақталды.

 

 

Гулнара Ажакаева ,Жамбыл облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы