Жаңалықтар

Елордада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды

21 сәуір күні Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.

Мекеменің мәліметінше, оқиға орнына құқық қорғау органдары шақырылып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері әзірге белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Қосымша мәліметтер ресми органдар тарапынан берілетін болады.