Қазақстандық теннисші Мадридте өткен турнирде чемпион атанды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен италиялық Николь Фосса Уэрго Испанияның Мадрид қаласында өткен W100 сериялы турнирдің жұптық сайысында чемпион атанды , деп хабарлайды arainfo.kz
ҚТФ мәліметінше, финалда олар испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетте қарсыластары басым түсті – 7:6 (9:7). Екінші сетте Жібек пен Николь жеңіске жетті – 7:6 (7:4).
Кездесудің тағдыры шешуші тай-брейкте шешілді. Бұл жерде Қазақстан мен Италия теннисшілері 10:4 есебімен жеңіске жетті.