Жаңалықтар

Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, 26–27 сәуір күндері Қазақстанға Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сапар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге аспақ.

Кездесулер барысында қос тарап Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту жолдарын талқылайды.

27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы алғашқы саммит өтеді. Бұл іс-шара аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды дипломатиялық оқиға болмақ.

Еске салайық, Мемлекет басшысы биыл қаңтарда Абу-Дабиде өткен «Тұрақты даму апталығы» аясында Мелонимен кездесіп, оны Астанаға ресми сапармен келуге шақырған болатын.