Алғыс арқалаған автокеруен
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы облыс әкімдігімен бірлесе «Жеңістің 80 жылдығына – 80 ізгі іс» акциясы аясында «Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуенін бастады.
Автокеруеннің ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық қоғамдық кеңестің төралқа мүшесі Амангелді Карентаев қатысып, автокеруен жұмысына сәт-сапар тіледі.
Ал облыстық қоғамдық кеңестің төралқа мүшесі Амангелді Карентаев соғыс пен тыл ардагерлеріне тек алғыс айтып қана қоймай, нақты көмектесуіміз қажеттігін жеткізді.
Айта кетейік, керуен құрамында білікті дәрігерлер, заңгерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, «Jastar ruhy» жастар қанатының белсенділері, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері бар.
«Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуені аясында облыс аумағындағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тыл еңбеккерлері және шалғайдағы елді мекен тұрғындары білікті медицина мамандарынан көмек алды, заңгерлер әртүрлі мәселелер бойынша кеңес берді.
Керуен 15-17 сәуір аралығында облыстың 10 ауданын аралады.
Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ