Жаңалықтар

Түркістанда Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кездеседі

Түркістанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

21-22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді.

Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.