Жамбылда медицина мәселелері жөнінде қоғамдық кеңес құрылды
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінде өңірдегі медицина мәселелеріне арналған арнайы кеңестің алғашқы отырысы өтті,деп хабарлайды arainfo.kz
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов төрағалық етті.
Кеңестің негізгі мақсаты – өңірдегі денсаулық сақтаусаласындағы өзекті мәселелерді саралап, нақты шешімдерқабылдау. Әсіресе медициналық қызмет көрсету сапасынарттыру, ана мен бала өлімін азайту, қаржылық жәнеқұқықтық тәртіпті күшейту сынды бағыттарға басымдықберілді.
Отырысқа құқық қорғау және бақылаушы органдар, денсаулық сақтау мекемелері, кәсіпкерлік өкілдері мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Тараптар бірлесіп жұмысістеудің тетіктерін, бақылау мен жауапкершілікті арттыружолдарын талқылады.
Кеңесте екі негізгі мәселе қаралды. Біріншісі – медициналықұйымдардағы қаржылық тәртіптің сақталуы мен қарыздардыңтуындау себептері. Екіншісі – емшара кабинеттеріндегізаңдылық пен қызмет көрсету сапасы.
Жиын барысында саладағы кемшіліктер ашық айтылып, оларды жою бағытында нақты ұсыныстар ұсынылды. Кеңесжұмысы алдағы уақытта да тұрақты жалғасып, денсаулықсақтау жүйесін жетілдіруге бағытталмақ.