Брифинг

Бюджет қаражаты мақсатты жұмсалуы керек

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Нұржан Шалғынбайұлының қатысуымен брифинг өтті. Спикер тексеру комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Өткен жылы мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары 57 мемлекеттік аудит объектісінде жүргізіліпті. Мемлекеттік аудитпен 186 миллиард 375,3 миллион теңге қаражат қамтылған. Жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесінде аудитпен қамтылған қаражаттың сомасынан 62,2 пайызды құрайтын 115 миллиард 892 миллион теңгенің бұзушылықтары, 613 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 16 бірлік жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталған.

Сымбат ҚУАНЫШ