Мұхтар Шахановтың әйелі дүниеден өтті
Ақын Мұхтар Шахановтың жары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханованың дүниеден өткенін мәлімдеді.
Осыған орай университеттің Басқарма төрағасы – ректор Гүлмира Қанай, оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол QyzPU-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып, 1974 жылы оқуын аяқтаған. Кейін орта мектепте мұғалім және тәрбиеші болып қызмет етті.
Ғалымның авторлығымен бірнеше оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми мақалалар жарық көрген. Білім мен ғылым саласына қосқан үлесі үшін ол «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атақтарымен және «Ы.Алтынсарин», «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ QyzPU дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» медалін иеленген.