Жаңалықтар

Еңбекке жарамсыздық парағы мен медициналық кітапша электронды форматқа ауыстырылады

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді,деп хабарлайды arainfo.kz

Медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында бірыңғай цифрлық инфрақұрылым құрылып, жаңа тәсілдер енгізілуде. Қазірдің өзінде медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі пилоттық режимде сынақтан өтуде. Сонымен қатар, медициналық деректердің бірыңғай қоймасы жасақталды.  

Дәрілік заттардың қауіпсіздігін арттыру үшін таңбалау және қадағалау жүйесі іске қосылды. «Әлеуметтік әмиян» арқылы 1,7 млн электронды рецепт бойынша дәрі-дәрмек берілді, енді бұл барлық мемлекеттік мекемелерге енгізіледі.  

Анықтамалардың 8 түрі, соның ішінде еңбекке жарамсыздық парағы мен медициналық кітапшалар электронды форматқа көшірілуде.  

Бұл шаралар Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, медициналық қызметті қолжетімді әрі сапалы етуге бағытталған.