Қазақстанда тағы бір облыс жаңа жұмыс кестесіне көшпек
2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс күнін жарты сағатқа ертерек бастайды,деп хабарлайды arainfo.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап
Жаңа жұмыс кестесіне сәйкес, жұмыс уақыты 08:30-да басталып, 17:30-да аяқталады. Тиісті бұйрыққа облыс әкімі Асхат Шахаров қол қойған.
Ресми хабарламада жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім ұжымдық түрде қабылданғаны айтылған.