QJ League футболшылары «Қамқор жүрек» орталығында
«Тараз» футбол клубының «Мейірімді BALL» жобасы аясында QJ League қатысушысы «Тараз» U-18 командасының ойыншылары «Қамқор жүрек» жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғыз басты аналарға көмек көрсету орталығына барып, жеткіншектерге шеберлік сыныбын өткізіп, сый-сияпат ұсынды.
Бұл жасөспірім балалардың өмірге құлшынысын арттырып, спортқа деген ынтасын ашу мақсатында қолға алынуда. Мұндай сипаттағы қайырымдылық іс-шаралары клуб тарапынан жыл басынан басталып, үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғасын табады.
Бұл іс-шара «Райский сад» компаниясымен бірлесе атқарылды. Арнайы мамандар түрлі гүлдерді отырғызу бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
«Қамқор жүрек» орталығында қазіргі кезде 50-ден аса балалар тәрбиеленуде. Айта кетейік, өткен айда футболшылар Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін ойын-сауық орталығына апарып, түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырып, сый-сияпат ұсынған болатын.
Нұржан ТУҒАНБАЙ,
журналист