№58 мекемесінде “Тәрбие лагері” мен “Қажымұқан” фильмдері көрсетілді
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталған азаматтардың рухани және патриоттық тәрбиесін арттыру мақсатында “Тәрбие лагері” және “Қажымұқан” көркем фильмдері көрсетілді,деп хабарлайды arainfo.kz
Аталған шара жазасын өтеушілердің мәдени және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, ұлттық тарих пен тұлғаларға деген құрметін оятуға бағытталған. Фильмдерді тамашалау барысында сотталғандар қазақ халқының ерлігі мен тарихи тұлғалардың өмір жолынан тағылым алып, өз іс-әрекеттеріне ой жүгіртуге мүмкіндік алды.
“Тәрбие лагері” фильмі арқылы көрермендер қоғамнан шеттетілген жандардың оң жолға түсу мүмкіндігі бар екенін ұғынса, “Қажымұқан” фильмі – қазақ балуанының өмірі мен күрескерлік жолын насихаттай отырып, ерлік пен отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеді.
Шара соңында мекеме әкімшілігі бұл бағыттағы тәрбиелік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Мұндай мәдени іс-шаралар сотталғандардың қайта әлеуметтенуіне және оң өзгерістерге бет бұруына септігін тигізеді.