Жаңалықтар

Республикалық «Tekturmas» журналының тұсаукесер рәсімі өтті

Бүгін "Tekturmas" республикалық тарихи-танымдық, ғылыми, әдеби-мәдени журналымыздың тұсаукесер рәсімі өтті,деп хабарлайды arainfo.kz

Жамбыл облысының ақпарат айдыны жаңа басылыммен толықты. Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Aulieata-media» серіктестігіне қарасты «Tekturmas» республикалық журналының салтанатты тұсаукесері өтті.

Рәсімге ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, зиялы қауым өкілдері мен өңір оқырмандары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы жаңа басылымның ұлт руханияты үшін маңызын атап өтті.

Ал «Aulieata-media» серіктестігінің Бас директоры Данияр Асқарұлы басылымның атауы мен бағыты жайлы сөз қозғады.

Жиында жазушы Пернебай Дүйсенбин мен драматург, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Елен Әлімжан да сөз алып, журналдың мазмұнына қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Тұсаукесердің басты сәтінде Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы, жазушы Пернебай Дүйсенбин және драматург Елен Әлімжан журналдың тұсауын кесті.

«Tekturmas» – Жамбыл өңірінен шыққан жаңа рухани алаң.