Жаңалықтар

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту – күн тәртібінен түспейтін көкейкесті мәселенің бірі.

 Жалпы, егемен еліміздегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі – әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруды біріктіретін, өзін әлеуметтік қорғау үшін азаматтардың жеке жауапкершілігі мен жұмыс берушілердің және мемлекеттің ынтымақты жауапкершілігі қағидаттарына құрылған.

Конституцияға сәйкес, әрбір азаматқа жалақының төменгі мөлшері, жасына қарай әлеуметтік қамсыздандыру, ауру жағдайына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және басқа да заңдық негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздандырылуға кепілдік беріледі. Осыған байланысты әлеуметтік қатер туған жағдайда азаматтарға оның жұмыс істеу-істемеуіне байланыссыз мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар тағайындалады.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде өткен жиын барысында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының заңгері Эльмира Пашанова әлеуметтік сақтандыру жүйесінің пайдасы туралы мол мағлұмат айтып өтті. 

Спикер жиналғандар назарына әлеуметтік аударымды төлеу, әлеуметтік қатерлердің алты түрі бойынша әлеуметтік төлемдерді төлеу, проактивті, eGov порталы арқылы және екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы қызмет туралы толыққанды ақпаратты жеткізді. Бұдан бөлек ол Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне де кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, кездесуде жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы және бір жарым жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайлары мен жұмысынан, асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер жайлы әңгіме болды.

Жиын соңында ҚАЖ қызметкерлері әлеуметтік сақтандырудың келешектегі негізгі міндеттерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды