Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады

2025 жылғы 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының "Индустриялық қалашық" аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізіледі,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына арналған.

Осыған байланысты
"Ақжол", "Қарашығанақ" ,
"Бұйрат" көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынады.

Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі.