Жаңалықтар

Жамбыл облысында 19 оңалту орталығы бар

Өңірде көмекке мұқтаж, жалғыз басты мүгедектер, яғни 1, 2 топтағы және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі бала мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсететін 19 арнаулы әлеуметтік орталықтар қызмет көрсетеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Сонымен қатар, мүгедектерді оңалту және мүгедек балаларды оңалтып бейімдейтін 9 орталық және орталықтың 1 филиалы жұмыс істейді. Орталықтарда бір мезгілде 606 мүгедек, оның ішінде 456 мүгедек бала бейімдеуден, оңалтудан өте алады. 

Өткен жылы облыстық әлеуметтік оңалту орталығы «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы 794 қызмет алушыларды қабылдап, оның 644-і орталықтан оңалып шықты. Қазіргі таңда орталықта 150 қызмет алушылар оңалту іс-шараларын қабылдауда. Биыл наурыз айында 218 қызмет алушы оңалту шараларын қабылдап шықты.

Оңалту орталықтарында арнайы жабдықталған емдік дене шынықтыру залы бар. Залдың еденіне қауіпсіз, жұмсақ мата төселген.