Брифинг

Мал ұрлығына қарсы күрес күшейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Еркебұлан Сәрсенбаевтың қатысуымен «Мал ұрлығының алдын алу» тақырыбында брифинг өтті.

Баяндамашының айтуынша, жыл басынан бері мал ұрлығын жасағаны үшін 18 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның ішінде кәсіби түрде айналысып жүрген 13 адамнан тұратын 6 қылмыстық топ құрықталған.

Мәселен соңғы үш жылдық статистика бойынша мал ұрлау фактілері 2022 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 23,2 пайызға, қылмыстың ашылу деңгейі 52,6 пайыздан 55,3 пайызға жақсарған.

Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 192 707 жылқы, 440 069 ірі қара мал, 3 061 941 уақ мал және 8 015 түйе тіркелген.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ