Жамбыл ауданында 40 отбасы баспаналы болды
Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын 40 азаматқа тұрғын үйдің кілттері салтанатты түрде табысталды. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жаңа баспана иелерін құттықтап, қуаныштарына ортақтасты.