Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің тірегі
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті.Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Мемлекеттік тіл халықты біріктіруде маңызды рөл атқарады. Бір тілде сөйлейтін халықтар арасында түсіністік пен ынтымақтастықтың болуы оңайырақ. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейту, Қазақстандағы барлық этностар арасында бірлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл тіл халықтың ортақ тілегін білдіріп, ұлт ретінде бірігуге септігін тигізеді.
Әлемдегі алпауытты елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз ол, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген, құрметтейтін ұрпақ. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері оның ішінде, өзіміз де жанұямызда ұл-қыздарымызға Қазақстанның халқы туралы, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, тілін-мемлекеттік тілін білуі тиіс.
Қазақ тілі — қазақ халқының мәдениетінің, тарихының, рухани байлығының айнасы. Оны сақтау мен дамыту арқылы халқымыздың дәстүрлерін, фольклорын, әдебиетін жаңғыртуға болады. Мемлекеттік тілдің дамуы қазақ халқының мәдени ерекшеліктерін әлемге танытуға ықпал етеді. Әрбір тіл өзіне тән ойлау жүйесі мен дүниетанымды қалыптастырады, сондықтан қазақ тілін сақтап, дамыту біздің ұлттық болмысымызды да сақтау деген сөз.
Мейрамова Диана Рамазанқызы,
Жамбыл облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалықсоты әкімшісінің
бас маман - сот отырысының хатшысы