Жаңалықтар

Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Владимир Зеленскийдің жарлығымен Виктор Майко Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісі болып тағайындалды,деп хабарлайды arainfo.kz

Тиісті құжат Украина басшысының сайтында жарияланды.

Виктор Майко бұған дейін Украинаның Түрікменстандағы дипломатиялық өкілдігін басқарған. Қазақстандағы елшілік лауазымы 2022 жылдан бері бос тұрған болатын.

Айта кетейік, бұл қызметті соңғы рет Петр Врублевский атқарған. Алайда 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты даулы мәлімдеме жасап, сынға ұшырады.Оған ҚР Сыртқы істер министрлігі дипломатқа наразылық білдіру арқылы жауап берді.

2022 жылдың 18 қазанында Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен ресми түрде босатты.