Жаңалықтар

Үкімет шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіреді

Шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіру үшін Туризм және спорт министрлігі Ұлттық статистика бюросына ұялы байланыс операторларының деректеріне қол жеткізуді ұсынады,деп хабарлайды arainfo.kz

Сонымен қатар экономикалық салымды талдау үшін банктік карта операциялары негізінде туристердің шығындары туралы ақпарат қажет.

Қазіргі уақытта шетелдік келушілерді есепке алу ҚР ҰҚК Шекара қызметінің статистикасы бойынша, ал ішкі туризм туралы деректер – орналастыру объектілерінің есебі негізінде қалыптастырылады.