Брифинг

Алаяқтарға алданған фермерлер аз емес

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаражатты жымқыру деректерінің алдын алу, бизнесті қорғау және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен өзара әрекеттесуі» тақырыбында брифинг өтті.

Алғашқы болып баяндама жасаған облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Жағыпар Исатаевтың айтуынша, соңғы 6 жылда департаментте Қылмыстық кодекстің 189 (жымқыру) және 190-баптары (алаяқтық) бойынша 92 қылмыстық іс тіркелген.

Сондай-ақ брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Рүстембек Жаимбаев баяндама жасады.

Айжан ӨЗБЕКОВА