Той мәдениетінің мәселесі ауданда талқыланды
Жыл басынан бері Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы «Той мәдениеті – ұлт мәдениеті» деп елімізде яғни, халық ішіне алғшқы болып мәселе көтеріп келеді.
Тіпті, Жамбыл облысының зиялы қауымында жұмылдырып, той мәдениетін қалыптастыру жөнінде мемлекет басындағы шенділерге ұсыныс тастады. Осы бастамамен бұл мәселе Бұрабайда өткен Ұлттық Құрылтайда айтылды.
Дегенмен Руханият орталығының қызметкерлері Жамбыл облысында той мәдениетін сақтау, асабаларды тәртіпке шақыру, той әдебін қалыптастыру, астатөк, дарақылық пен ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында халық ішінде өз жұмыстарын жалғастыруда.
Иә, той мәдениетін жаңғырту – ортақ міндет. Облысымызда той мәдениеті мен әдебін сақтау үшін орталықтың қызметкерлері аудандарда да өз жұмыстарын бастап кетті.
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіманап пен облыстық «Асабалар алаңы» қоғамының төрағасы Ринат Нұрақбаев Шу, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы іс-сапар барысында жергілікті ардагерлер кеңесімен, аудан әкімдерінің орынбасарларымен және сол аймақтағы той жүргізуші асаба-өнерпаздармен кездесті.
Аудандардағы кездесуде кейінгі кездері қазақтойларында және ұлттық құндылықтардың құрдымға кетіп бара жатқандығы және де той жүргізуші асабалар мен қатысушылар арасында кісілік әдеб сақталмай, керсінше бейәдеп әрекеттерге жол беріліп, мәдениеттен алшақтап бара жатқандығы сөз болды. Ортақ мүдде қазақ ұлтық тойының мәдениетін қалыптастыру, той әдебін сақтау.
Кездесуде сөз алған Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы облыстық Руханият орталығы көтеріп отырған мәселенің маңыздылығын атап өтіп, бұл бастаманың ұлттық мәдениетті дамытудағы өзекті қадам екенін айтты.
Сонымен қатар, жиын барысында ардагерлер мен асабалар да өз ұсыныстарын ортаға салып, той мәдениетін қалыптастырып, жүйелеу қажеттігін бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.
Аудандық ардагерлер кеңесі, аудан әкімінің орынбасары, аудандық полиция бастығы, және де жергілікті асабалармен өткен Меркі ауданындағы кездесуде де той мәдениетінің мәселесі талқыланды.
Т.Рысқұлов ауданындағы жиында да бірқатар өзекті мәселелер айтылып, қазақ тойының ұлттық мәртебісін төмендетпей, мәдениет пен әдебін қалыптастыру жөнінде пікірлер алмасып, ұсыныстар айтылды.
Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл, жергілікті асабалар және дін өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысып,қазіргі той мәдениеті, оның ұлттық құндылықтарымызға сай өтуі және артық шығынсыз ұйымдастыру жолдары талқыланды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Руханият орталығы той мәдениетін дамытуға бағытталған бірқатар жобаларды қолға алып, күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелер бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Мадияр Ералыұлы, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының “Шерхантану” бөлімінің меңгерушісі