ҚМДБ биткоин "харам" деген үкім шығарды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биткоинға қатысты үкім шығарыпты, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биткоин криптовалютасының шариғатқа қайшы келетінін ресми түрде мәлімдеді.
Ислам ғалымдары сауда-саттықтағы белгісіздік пен ықтимал зиянға байланысты биткоинді қолдануға тыйым салды. Мысыр елінің пәтуа комитеті мен Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі де осы ұстанымды қолдайды.