Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді,деп хабарлайды arainfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.