Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық Театр күні

27 наурызда бүкіл әлемде барша театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік театр күні аталып өтеді,деп хабарлайды arainfo.kz

Театр – адам жанының айнасы, ой мен сезімнің үйлесімі, қоғамның мәдени дамуына ықпал ететін ұлы өнер.

Қазіргі уақытта елімізде 70 театр жұмыс істейді, олардың 57-сі мемлекеттік. Соңғы төрт жылда 5 жаңа мемлекеттік театр ашылған. 2024 жылы 396 гастрольдік сапар ұйымдастырылса, оның 46-сы шетелде өтті.

Қазақстанның театрларында 9 мыңға жуық маман еңбек етсе, оның 4 200-і шығармашылық ұжым өкілдері. Өткен жылы 200-ден астам жаңа қойылым сахналанып, оның 107-сі отандық авторлардың шығармалары негізінде қойылды.

Дүниежүзілік театр күніне орай сахнада және сахна сыртында қызмет ететін барша мамандарға алғыс білдіріледі. Театр – рухани даму мен мәдениеттің маңызды бөлшегі, сондықтан оның дамуы қоғам үшін үлкен маңызға ие.