Балуандар бабында екен
Наурыз мейрамына орай қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» облыстық турниріне Тараз қаласының іріктеу жарысы өтті.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен дүбірлі доданың ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.
Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша 55 келі салмақта Саламат Галиакпар топ жарса, 60 келіде Жанәділ Айдынұлы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ 66 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Сейфулмәлік, 74 келіде И.Мұратбек, 82 келіде Жандос Ноян, 90 келіде Ришат Махмут, 100 келіде Бейбарыс Әшіралы, 100 келіден жоғары салмақта Жалғас Намаз, абсолюттік салмақ дәрежесінде Дәулет Пахридинов тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, диплом, естелік сыйлықтармен марапатталса, түйе палуандарға арнайы белбеу және қаржылай сертификат табысталды.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы