Жаңалықтар

Таразда ҚАЖ қызметкерлері әз-Наурызды тойлады

Күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы Тараздағы түзеу мекемесінде де аталып өтті,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл күні Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінің қызметкерлері қазан көтеріп, Наурыздың басты дәмі – Наурызкөже дайындады. Бұдан бөлек, мұнда қазақтың салт-дәстүлері қайта жаңғыртылып, қаймағы бұзылмаған қазақ ауылының көрінісі паш етілді. 

Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев әріптестерін тамырын тереңнен тартқан Наурыз мерекесімен құттықтап, салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін мұндай думанды жиындар өскелең ұрпақтың елін сүйер азамат болып өсуіне үлкен септігін тигізетінін баса айтты. Өз кезегінде білекті жігіттер ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстарда өзара кім мықтыны анықтады.