Жаңалықтар

Жуалыда бір мезетте 100 келіннің сәлем салу рәсімі көпшілікті сүйсінтті

Жуалыда 100 келіннің бір мезетте сәлем салу рәсімі өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Сәлем салу – бұл халқымыздың бай тарихы мен мәдениетін, дәстүрлерін терең құрметтеу мен бағалаудың жарқын көрінісі.

Әр келіннің сәлемі – олардың өз Отанына, ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерге деген адалдығын, жоғары моральдық құндылықтарға деген құрметін білдіреді. 

Бұл тек дәстүрді сақтау ғана емес, сонымен қатар оны жаңғыртып, ұрпаққа өнеге ретінде ұсыну.