Баталы ер арымас...
Тоғызыншы сыныпты Талас ауданының бұрынғы Кеңес, қазіргі Бөлтірік шешен ауылында оқығаным бар. Бір жолы бір қариямен бетпе-бет ұшырасып, сәлем бердім. Ұмытпасам ол ақсақалдың есімі Әкіман болуы керек.
Сәлемімді алғаннан кейін ол:
«Әлдеқашан марқұм болып кеткен әкемді таниды ғой дейсің бе?» деген оймен:
Кімнің баласы екенімді білгеннен кейін:
Бұл сөз жонарқамнан таспа тілгендей әсер етіп, сол жылы көктемге дейін әзер шыдап, оқуды аяқтар-аяқтамастан өз ауылымнан бір-ақ шықтым. Нағашыларымның ауылындағы жасы үлкендерден тәрбиелік мәні бар талай әңгіме естідік қой. Соның бірі батаны кімнің беріп, кімнің бере алмайтыны туралы еді.
Бір жолы шешемнің өскен үйінде жиын болып, көпшілікке дастарқан жайылды. Әу баста ең үлкен ақсақалға тартылған бас жұртты жағалай біздің әкейге де келіп жетті. Ол кісі басқа қол тигізбей, өзінен кейінгі отырғандарға ұзатты. Сол кезде қасындағы жастау жігіт басты әкейге кері ұсынып еді, төрде отырған Кеңес деген қария:
Міне, күйеу мен жиенге бас ұсынбайтынын, бата сұрамайтынын осы кезден бастап білдім. Бұл сақтық үшін, яғни «күйеу мен жиен бөтен ел болғандықтан, теріс бата беріп жіберсе, ол қабыл болып кетеді» дегеннен пайда болған жөн-жоралғы болса керек. Осы ретте біз филология ғылымдарының кандидаты, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессоры Меңдібай Әбілұлынан батаның мәні мен маңызы туралы сұраған едік.
Сондай-ақ профессор бата ұлы қасиеттерге бастаушы рухани мұра болып саналатынын, оның көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылатынын жеткізді. Батаны елге құрметті, өте сыйлы адамдар беретінін сөз етті.
Облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев бата ықылым заманынан келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың негізі екенін айтады.
Жасыратыны жоқ, бүгінде көпшілік бата сұраса, тосылып қалатын жасы үлкендер қатары артып келеді. Негізі үлкеннің сөзі де, ісі де кішіге үлгі болуы керек. Кімнің сөзі уәлі, ісі өнегелі болса содан кейінгі ұрпақ тәлім алуға ыңғай танытып тұрады. Сондықтан жасы ұлғайған әр адам ең болмаса бата жаттап, оның мәнін маңайына түсіндіре білуі қажет.
Нұрым СЫРҒАБАЕВ