Кикбоксинг федерациясының президенті тағайындалды
Облыстық кикбоксинг федерациясының президенті болып облыстық полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев тағайындалды. Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов федерация директорына арнайы куәлікті табыстап, жаңа қызметімен құттықтады.