Жаңалықтар

TikTok жыл сайынғы #Наурыз2025 онлайн-фестивалін іске қосады

TikTok биыл үшінші жыл қатарынан Наурыз мейрамына орай Қазақстанда ауқымды онлайн-фестиваль өткізеді,деп хабарлайды arainfo.kz

Арнайы #Наурыз2025 хэштегі арқылы кез келген адам мерекелік сәттерімен бөлісе алады.

Қазақстанның жоғары оқу орындары да белсенді қатысуда: ҚазҰУ, Satbayev University, Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Yessenov University-де ұлттық дәстүрлерге арналған іс-шаралар өтуде.

Сондай-ақ, TikTok алғаш рет Астана, Алматы және Шымкент қалаларында интерактивті аймақтар орнатады.Қала тұрғындары осы арнайы безендірілген алаңдарда  20 наурыз – 2 сәуір аралығында ұлттық тағамдар, дәстүрлер, музыка және би тақырыптарында видео түсіріп, байқауға қатыса алады.